деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жасалып отыр. Қосымша бөлінген гранттар қазірдің өзінде қысқы сессияларының қорытындысы бойынша 10 мың студентке тағайындалды. Бұл - 10 мың үздік жоғары курс студентінің оқуға ақша төлеуден толық босатылғанын көрсетеді. Сонымен қатар оларға ай сайын 10 мың теңге көлемінде шәкіртақы және демалыс уақытында үйлеріне барып-келу жолақысы төленетін болды. Бұл - студент жастар үшін айтарлықтай көмек», дейді департамент директоры.
Сонымен қатар С.Ырсалиевтің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта 2000 бос грант бар. Себебі, студенттердің бір бөлігі оқудан шығып қалады немесе түрлі себептермен білім грантынан бас тартады екен. Аталған гранттар конкурстық негізде тағайындалатын болады.