Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шарашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомствоға қарасты Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев мәлім етті.
«2011 жылы ауа райының жайсыз болуына қарамастан 2010 жылмен салыстырғанда орман өрттері көлемі шамамен 3 есеге төмендеді. Мәселен, орман өрті қаупі ширығып тұрған 2011 жылы аумағы 3154 гектарды құрайтын 665 орман өрті тіркелді. Бұл ретте бір өрттің орташа аумағы 10 гектардан 5 гектарға дейін, яғни екі есеге төмендегенін атап өткен орынды»,- деді ол.
Комитет төрағасының атап өтуінше, ағымдағы жылы да орын алған аптап ыстықтың салдарынан орман өрттері қаупі жоғары болып тұр. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік орман қорлары аумағында 5313 гектард жерді шарпыған 613 орман өрті тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары.
«Республика бойынша орман өрттерінің әкелген шығыны 531 млн. 600 мың теңгені құрады», - деді Е.Нысанбаев.
Оның сөзіне қарағанда, орман өрттерінің ең үлкен аумағы Павлодар облысында 1 452, Қостанай облысында 1441, Ақмола облысында 1250 гектарды құрады.