Ағымдағы жылы ШҚО-да Индустрияландыру картасына енген 8 жоба іске қосылатын болады

None
ӨСКЕМЕН. 3 шілде. ҚазАқпарат - 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысында ҚР Индустрияландыру картасына кірген 8 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Оның қатарына Өскемен құс фабрикасы кірді, ол жылына 20 мың тонна жұмыртқа өндіруді көздеуде. Ал жылдың екінші жартысында Жарма ауданында «Қазақцемент» ЖШС-нің цемент зауыты іске қосылуы тиіс.

Өңірлік өндіріс және өнеркәсіп басқармасында аталып өткендей, индустрияландыру картасында  ірі нысандар да бар. Атап айтқанда, Соғры ЖЭС-нің №1 турбогенераторын жаңғыртып, қайта құру жұмыстары бүгінгі күні сұранысқа ие электр энергияның қуаттылығын жылына-сағатына 150 млн. кВт-қа дейін арттыруға септігін тигізеді.

Жарма ауданында «Теньши» ЖШС осы жылы іске қосылатын болады. Жылдық өнім 90 мың тоннаны құрайды.

«Семейқұс» ЖШС құс фабрикасын қайта тетікті белгілі бір қалыпқа келтіруді аяқтамақ, ол өз алдына жыл сайын 7400 түрлі құстың етін шығаруға бағытталған.

Аягөз ауданында Мұхамеджанов есімді кәсіпкер тамшылап суару әдісін енгізбек және 500 тоннаға лайықталған картоп сақтау қоймасының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.