Аймақ басшысы өз сөзінде биылғы жылдың маңызды оқиғасы - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұмыс сапарымен аймағымызға келуі екендігін атап өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
- Елбасының өндірістік аймақтар мен стратегиялық инфраструктураны іске қосуы - өңіріміздің тарихи оқиғасы болып табылады, - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков. Еске сала кетсек, 22 тамызда Елбасы Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол магистральдарын іске қосса, 30 тамыз күні - «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС және «Бёмер Арматура» ЖШС өндіріс орындарын Индустрияландыру картасы аясында іске қосты. Сонымен қатар, арнайы жиналыс өтіп, онда облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жан-жақты қозғалған болатын. - Елбасы тарапынан бірқатар бағыттар бойынша орынды сын айтылды. Қазіргі уақытта айтылған сын-ескертпелерден оңды нәтиже шығару үшін жұмыс жүргізудеміз, - деді аймақ басшысы. Қарағанды облысы республиканың ішкі жалпы өнімінің 8 пайызын қамтымақ. Ал облыстың ішкі жалпы өнімі 2 триллион 634 миллиард теңгені құрайды. Ішкі жалпы өнімнің артуы өңір дамуының нақты көрсеткіштерін айқындайды. 2013 жылмен салыстырғанда әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші де жоғарылады. Өндіріс, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік, тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік салада қарқын бар. Жезқазған мыс зауытын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жаңа зауыттар да іске қосылмақ. - Жергілікті билік тарапынан облыстық бюджеттің қосымша резервін анықтау үшін тиісті шаралар жүргізілуде, - деді аймақ басшысы.
Инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында Индустрияландыру картасы бойынша 80 жоба жүзеге аспақ. Ал жалпы сомасы 46 млрд. теңге болмақ. Ағымдағы жылы 18 млрд. 960 млн.теңге тұратын 4 жоба іске қосылып, 435 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жыл соңына дейін сомасы 25,1 млрд.теңге құрайтын 6 ірі жоба іске асырылып, 759 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы сомасы 8,8 млрд. теңге құрайтын 76 жоба қолдау тапты.Нәтижесінде ағымдағы жылдың 8 айы ішінде 988 жаңа жұмыс орны ашылып, 2 мың жұмыс орны сақталды. Сондай-ақ 371,6 млн теңге салық төлемі түсті. Аймақтағы шағын және орта бизнестің үлесі 19,5%-дан 20,4%-ға дейін өсті. Шағын және орта бизнестің негізгі саласы - туристік кәсіп болып табылуы керек. Қазіргі уақытта Балқаш, Қарқаралы, Ұлытау жерлерінде демалатын орындар ашу мәселесі қарастырылып жатыр. - Облысымызда моноқалаларды дамыту бағдарламасының маңыздылығын айтқым келеді. Өйткені, республиканың 27 моноқаланың 8-і біздің аймақта орналасқан, - деді облыс әкімі. Аграрлық секторларды дамыту үшін қосымша орындар да бар. Осы сала бойынша 2160 жұмыс орнын ашуға қауқарлы, инвестициялық құны 52,3 млрд теңгені құрайтын 46 инновациялық жоба іске асып жатыр. Жыл басынан бері 1580 отбасы баспаналы болды. 223,4 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысына 18,2 млрд теңге инвестиция бөлінді. Ол 2013 жылға қарағанда 151,5% пайыздық көрсеткішті көрсетеді. Әлеуметтік саладағы 43 нысанда құрылыс пен қайта құру жұмыстары басталып, оның 17-сін осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Апатты жағдайдағы мектептер соңғы үш жылда 1,5% дан 0,5 %-ға дейін қысқарған. 1 жастан - 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі мекемелер балалардың 87,3% -ын қамтамасыз етіп отыр. Бірақ балабақшалардағы орын тапшылығы әлі бар. Осыған орай келесі жылы 320 орындық 3 балабақша салу жоспарлануда. Техникалық жүйені жаңғырту мен дамыту саласы бойынша жұмыстар жалғасуда. Жаңа оқу жылының басынан бері қосымша оқыту жүйесін ашқан колледждер саны17-ден 27-ге өскен. Денсаулық сақтау саласын дамытууға бағытталған «Саламатты Қзақстан» бағдарламасы да сәтті жүзеге асуда. Биылғы жылы Қарағанды қаласында 200 орынға арналған көпсалалы балалар ауруханасының және Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. 7 бірдей денсаулық сақтау мекемелеріне жөндеу жұмыстары жасалуда. Облыс бойынша медициналық мекемелерге арналған 42 санитарлық автокөлік берілді. Ауруханаларды мидициналық құралдармен жабдықтау үшін бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлініп отыр. Жұмыспен қамту саласы да назардан тыс қалмады. Ағымдағы жылы 25 мың адам жұмыспен қамтылды. Оның 3 мыңы «Жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты. Жиын барысында облыс әкімі өңірдің дамуы, мемлекеттік тілдің мәртебесі, телекомунникация саласы, автокөлік жолы, жылу беру маусымы секілді салаларға да кеңінен тоқталып өтті. - Алдағы жұмысымызда біз еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттер мен облысты дамыту бағдарламаларында белгіленген тапсырмаларды іске асыруды мақсат етіп келеміз. Жыл қорытындысы бойынша бұл мынандай нақты көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін болады,-деп жалғастырды сөзін Нұрмұхамбет Әбдібеков: - өнеркәсіп өндірісінің көлемі - 1,5 трлн. теңге (102%); - ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі - 150 млрд. теңге (ИФО- 101,5%); - құрылыс жұмыстарының көлемі - 228,6 млрд. теңге (107%); - көлік қызмет көрсетулері 357 млрд. теңгеге дейін артады (107,3%). Нәтижесінде, жалпы өңірлік өнімді 2,7 трлн. теңге деңгейіне жеткізу жоспарлануда (103,8%).