«Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты әрі сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 15 пайызға төмендегені білінді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы тұрғындарды тұмауға қарсы вакциналау бойынша алдын алу іс-шаралары мен эпидемияға қарсы шаралар кешенінің уақытылы жүргізілуіне байланысты қамтамасыз етілген. 2012-2013 жылдардың эпидемиологиялық маусымы басталғалы бері республиканың 10 пайыздан астам тұрғыны тұмауға қарсы егілген. Жалпы, жыл сайын вакцинацияланатын адамдар саны тұрақты өсіп келеді. Ағымдағы маусымда елімізде барлығы 1 332 235 адам тұмауға қарсы егілді.