Ағзаны токсиндерден қалай арылтуға болады?

Фото: None
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Адам ағзасын түрлі уыт-токсиндерден тазарту үшін тамаққа белгілі бір азық-түліктерді қолданса жеткілікті, деп жазады www.prostosmak.com.ua.

1. Алма.

Алмада болатын пайдалы микроэлементтер токсиндермен жақсы күреседі және қан тамырларындағы тұнып қалған холестериндердің деңгейін төмендетеді. Ішкі мүшелердің жұмысын жақсартады. Алма - миды тазартуға да таптырмайтын өте пайдалы жеміс. Осы қасиетінің арқасында ол Альцгеймер ауруын алдын алады.

2. Лимон.

Лимон шырынын денедегі шлактарды шығаруға, уыттарды ығыстыруға қолданады.

3. Анар.

Анар болса, ас қорытуды жақсартады. Метаболизмді күшейтіп, ағзадағы токсиндердің шығарылуын тездетеді. Сонымен қатар анар жемісі артық салмақтан арылуға да көмектесе алады.

4. Қырыққабат.

Қарапайым қырыққабат денедегі майдан арылуға көп көмегі бар. Метаболизм жақсарып, бауырдың тазаруына септігін тигізе алады.

5. Мүкжидек.

Мүжидек те (Клюква) ағзаның ішінен түрлі улы заттарды шығаруға жақсы әсері бар. Токсиндер мен шлактардан арылғыңыз келсе, мүкжидек жеңіз.

6. Сәбіз.

Пісірілмеген, шикі түріндегі сәбіз асқазан және ішек жолдарын тазартуға жиі қолданылады. Сәбіздің арқасында ағза уыттан тез тазарады.