АХАЖ-дың е-қызметтері ішінде баланың туылғаны және некеге тұрғаны туралы анықтамалар ең көп сұранысқа ие

Фото: None
ТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат -Баланың өмірге келгені және некенің тіркелгені туралы анықтамалар АХАЖ ұсынатын электрондық қызметтер ішінде ең көп сұранысқа ие.

Бұл анықтамаларды «электрондық үкімет» порталында тіркелген және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады, деп хабарлады ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, анықтаманы онлайн түрінде некеге 2008 жылғы 1маусымнан бастап тұрған азаматтар ғана ала алады. Ал, туылғаны туралы анықтама 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған балаларға беріледі.

Порталды қолданушы қажетті үлгіні толтырып, өзінің ЭЦҚ-сын қойған соң, сұраным бірден АХАЖ-дың ақпараттық жүйесіне жолданады. Егер сұраным жіберуші некеде тұрмаса (немесе балалары болмаса) «сұраным дәрежесінде» сұратқан мәліметтердің жоқ екені туралы ақпарат көрсетіледі. Егер қолданушы некеде тұрса немесе балалары болса онда оған анықтама алу үшін төлем жүргізу мақсатында келесі бетке өту ұсынылады. 0,3 АЕК көлеміндегі мемлекеттік баж салығын төлем карточкасының немесе дербес шот көмегімен порталда төлеуге болады. Төлем жүргізілгеннен кейін және сұраным АХАЖ-дың ақпараттық жүйесінде өңделгеннен кейін сұраным берушіге некеде тұрғаны немесе баланың туылғаны туралы ақпарат PDF форматында жіберіледі. Қажет болған жағдайда оны бастырып алуға болады. Сондай-ақ, аталған анықтама немесе бұның алдында алынған өзге де е-құжаттардың барлығы «қызметтерді алу тарихы» бөлімінде сақталады.

АХАЖ ұсынатын е-қызметтерді www.egov.kz порталы алу үшін сұраным беруші бар-жоғы бір сағат уақытын жұмсайды. Ал, сұраным дәстүрлі офф-лайн түрінде болса, онда анықтама бір күннің ішінде беріледі. Егер сұраным беруші баланың туылған немесе некесін тіркеген мекен-жайды ауыстырған жағдайда, оның анықтаманы күту уақыты 30 күнге дейін созылуы мүмкін.

«Бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталында АХАЖ ұсынатын қызметтердің 11-і ғана электрондық түрде қолжетімді. Баланың туылғаны туралы куәліктен өзге, некенің тіркелгені және бұзылғаны туралы, өзінің аты мен тегін, әкесінің атын өзгерткені туралы анықтамаларды Интернет арқылы ала алады. Сондай-ақ, баланың туылғаны туралы куәлікті қайтадан алуға, әкелікті орнатуға, бала асырап алуға өтініш беруге болады.

Қазіргі уақытта «egov.kz» порталы арқылы баланың туылғаны және некеге тұрғаны туралы 1500 анықтама берілген болса, жалпы «электрондық үкімет» порталы арқылы барлығы 8 млн. астам қызмет көрсетілген», - делінген хабарламада.