АХҚО қаржы құралдарын дамытудағы Қытайдың тәжірибесіне қызығушылық танытуда
«Jumore» компаниясы әлемнің жетекші трансшекаралық электронды сауда алаңы болып табылады.
АХҚО үшін қытайлық әріптестердің қаржы технологиялары мен қаржы құралдары бойынша тәжірибесі маңызды.
Атап өткен жөн, бұл компания әлемнің 130-дан астам елімен, оның ішінде G20 елдері және «Жібек жолының экономикалық белдігі» бойындағы мемлекеттермен ынтымақтасып, жұмыс істейді.
«Астанада құрылған Халықаралық қаржы орталығына жаңа қаржылық технологиялар мен осы аймақта жұмыс істейтін инвесторларды тарту өте маңызды», - деді Қайрат Келімбетов.
«Jumore» компаниясының президенті Лу Хунсянның айтуынша, Жібек жолында орналасқан елдердің нарығы компанияға қызығушылық тудыруда. «Біз қаржы технологиялары нарығында білім мен тәжірбие алмасуға мүдделіміз», - деді «Jumore» басшысы.
АХҚО мен «Jumore» 2016 жылы екі орталықтың қол қойған меморандумы аясында бірлесіп жұмыс жасайды.