АХҚО криптовалюта мен блокчейн салаларын белсенді дамытпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен блокчейндерге арналған іздестіру-талдау жүйесі Blockchair ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандумға қол қойды, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Құжатқа «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов және Blockchair негізін қалаушылар Никита Жаворонков пен Едіге Давлетгалиев қол қойды.

Меморандумға сәйкес АХҚО мен Blockchair криптовалюта мен блокчейн технологиялар саласында ынтымақтаспақ, сонымен қатар Blockchair АХҚО-ның финтех экожүйесі мен Қазастанның қолма-қол ақшасыз есеп айырысу экономикасын дамытуды қолдамақ.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов АХҚО аймағында арнайы құқықтық режим жұмыс істейді, ал қаржы орталығы басымдықтарының бірі Blockchair секілді блокчейн жүйесінің дамуында тәжірбиесі бар компаниялармен ынтымақтасу екендігін айтты.

«Біз Blockchair компаниясымен жүмыс істейтінімізге қуаныштымыз, компания бізге блокчейн-технолгиялар, криптовалюталар және өзге де криптожобаларды пайдалану үшін финтех экожүйесін енгізуге көмектеседі», - деді Н.Құсайынов.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдік үздік қаржы орталықтарымен ынтымақтасып жұмыс істейтін маңызды алаң. Blockchair АХҚО-ға Қазақстандағы дәстүрлі қаржыдан криптовқаржыға өту үшін сенімді еуразиялық көпір құруға көмектесетінін мақтан тұтады»,-деді Blockchair негізін құраушы Никита Жаворонков.

Тараптар АХҚО мен Blockchair арасындағы жүйелі коммуникация Қазақстандағы қаржы технологиялары нарығының дамуы үшін сапалы инфрақұрылым мен жағымды жағдай түзуге әсер ететінін айтты.

АХҚО ТМД мен Орталық Азияның маңызды финтех хабы болу, сол арқылы қаржы технологиялары саласына көбірек инвестциия тартуды жоспарлап отыр.