АХҚО мен ЕЭК бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды

ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) премьер-министрлерінің қатысуымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиылысында ЕАЭО қатысушыларының ынтымақтастығын кеңейту және дамыту үшін АХҚО мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы (АХҚО) Қ. Келімбетов және Еуразиялықэкономикалық комиссияның (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты бойынша алқа мүшесі(Министр)
Т. Жақсылықов АХҚО мен ЕЭК арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған бірлескеніс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жоспар қаржынарықтарын реттеу, қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарымен мүдделерін қорғау, қаржы технологияларын дамыту жөніндегі ынтымақтастықшараларын көздейді.

Қаржынарықтарын дамыту бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде инновациялық қаржы өнімдерімен қызметтерді тестілеу және өңдеу үшін ЕАЭО-да реттегіш «алаң» құру бойыншаіс-шаралар жоспарланған.

Іс-шаралар жоспарын табысты іске асыру АХҚО-ның ЕАЭОқатысушы елдерімен және Еуразиялық комиссиямен арадағы ынтымақтастықтытереңдетіп, АХҚО-ның Еуразияның қаржылық «хабы» ретінде қалыптасуын кезең-кезеңменжүзеге асыруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Айта кеткен жөн, АХҚО «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚОмақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығынқалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуғажәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды ортақұру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оныңхалықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болыптабылады. www.aifc.kz

ЕЭК.Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) (бұдан бұрын — Кеден одағы (КО) жәнеБіртұтас экономикалық кеңістіктің (БЭК) тұрақты жұмыс істейтін ұлт үстіреттеуші органы. Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және ҚазақстанРеспубликасы президенттерінің шешімімен құрылған және 2011 жылғы 18 қарашадағы «Еуразиялықэкономикалық комиссия туралы» және «Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысрегламенті туралы» шарттар негізінде жұмыс істейді. Жұмыс істей бастағанкүн-2012 жылғы 2 ақпанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске (ЖЕЭК)бағынатын ұлттықтан жоғары басқару органы мәртебесіне ие.

https://www.eurasiancommission.org/