«Инвесторларды қорғау шараларына тоқталсақ, АХҚО-мен бірлесе бұлстандарттарды әзірлеудеміз. Ал екінші жұмыс тобы сақтандыруға қатысты шаралардыпысықтауда. Халықаралық сақтандыру ұйымымен бірлесе қандай стандарттардыбірлесіп әзірлеу керектігін қарастырудамыз. Атап айтқанда, бізге қолайлы алаңды ұсынып отырған «Астана»халықаралық қаржы орталығына алғыс айтамыз. АХҚО осындай маңызды шараларғаосыған дейін де ұйымдастырып келді», - Белло Лавал Данбатта.
IFSB - Ислам қаржыландыруы институттарының тиімді қадағалануы мен реттеуібойынша талаптарды дайындайтын халықаралық орган.
АХҚО 2017 жылдан бері IFSB-ның тұрақты өкілі. Бұл ұйымның өкілі болу исламқаржыландыруы институттарының бірегей талаптарын дайындау кезінде тиімдіжәрдемдестік танытуға көмектеседі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің(Islamic Financial Services Board - IFSB) апталығы өтіп жатыр.
Сонымен қатар, IFSB (Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі) Бас хатшысыҚазақстанда исламдық сақтандыру нарығын дамыту қажеттігін атап өтті.