АСТАНА. KAZINFORM — Tennis Europe (TE) ұйымы 14 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті.
Қазақстандық теннисші, 13 жастағы Ахмади Мақанов 8-орынға көтерілді.
Жуырда Стокгольмде Швеция королінің кубогы үшін өткен супер турнирде жеңімпаз атанған А.Мақанов бірден 7 сатыға жоғарылады.
Ахмади сонымен қатар Монте-Карлода күзде өтетін жылдың қорытынды турниріне қатысу үшін чемпиондық кестеде де көрсеткішін жақсартты. Ол мұнда 7-орында тұр.
Tennis Europe рейтингісінде сондай-ақ Хақназар Жеткербай — 23, Әмір Асқар — 69, Әмина Нұрмахан — 83, Тамина Сәкен 95-сатыға жайғасты.
Аңсар Ниетқалиев 16 жасқа дейінгілер арасында 83-орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ахмади Мақановтың Швециядағы супер турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Франциядағы жарыстың 1/8 финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).