Ахмадинеджад министрлер кабинетіндегі жалғыз әйел министрді жұмыссыз қалдырды

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Иран Президенті Махмуд Ахмадинеджад ел үкіметіндегі жалғыз әйел министрді жұмыстан шығарып жіберді, деп хабарлады Agence France-Presse мемлекеттік телеарнаға сілтеме жасап.

2009 жылдан бастап денсаулық сақтау министрі әрі Иран тарихындағы тұңғыш әйел министр болған Марцих Вахид Дастжердидің орнына Мұхаммед-Хасан Тарикат-Монфаред тағайындалды.

БАҚ-тың хабарлауынша, Вахид Дастжерди жұмыстан босатылар алдында бірқатар дәрі-дәрмектің бағасын көтеру туралы Үкіметті сендіруге тырысқан көрінеді. Ал бұл бастамаға Ахмадинеджад түбегейлі қарсы болыпты.