Ахмадинежад Африкалық одақтан бас тартты
16:52, 01 Шілде 2009
МӘСКЕУ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Иранның президенті Африкалық одақ ассамблеясының жыл сайынғы отырысына қатысудан бас тартты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара Ливияда өтеді. Махмуд Ахмадинежадты Ливия төңкерісінің көсемі Муаммар Каддафи жеке өзі шақырған болатын. Ахмадинежадтың бас тарту себебі туралы хабарланбаған.