Ахмадинежад әйел адамды вице-премьер етіп тағайындады

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Ахмадинежад әйел адамды вице-премьер етіп тағайындады. Ғылым және технологиялар мәселелерімен айналысатын Насрин Солтанах ханым - Иран үкіметінің жаңа құрамындағы екінші әйел,

 деп хабарлайды  РСН агенттігі.

 Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 3-інде   Иран  парламенті     Марзийе   Уахид  Дастжерди ханымды   денсаулық  сақтау министрлігіне  бекіткен болатын.     Марзийе  ханым  -    ислам республикасында министрлік  басқарып отырған  алғашқы  әйел.