«Ол өткен кезеңнің қаруы», - деп мәлім етті Махмұд Ахмадинежад американдық NBC телеарнасына берген сұхбатында.
Ахмадинежад «ондай қаруды жасау біздің жоспарымызға және бағдарламамызға кірмейді», деп атап көрсетті. «Бізге ядролық қару қажет емес. Біз онсыз да өзімізді қорғай аламыз», - деді Иран президенті өз сөзінде.
Махмұд Ахмадинежад сондай-ақ, Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ және Еуроодақ тарапынан жасалып қысымдарға бой бермейтінін айта келіп, «егер біз уранды бейбіт мақсатта байытып отырғанымызды айтсақ, біздің еліміз ол бағдарламаны ешқашан тоқтатпайды», деп мәлім етті.