Бұл туралы бүгін ирандық басылымдарға сілтеме жасап «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.
Өз хатында Ахмадинежад, қақтығыстардың алдын алу үшін бүгінгідей заманда түрлі дін өкілдерінің арасында тұрақты диалог пен өзара қарым-қатынастардың керек екенін атап көрсетті. Ислам Республикасының басшысы хатының соңында, Рим Папасының денсаулығы мен оның барлық игі бастамалары үшін дұға жасайтынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 11-інде Американың Нешвилл қаласының іргесінде екі христиан свяшеннигі өз үйлерінің ауласында Құран кітабының көшірмесін өртеген болатын.