Ахмадинежад Обамамен кездесуге әзір екенін мәлім етті

None
АСТАНА.  Қыркүйектің  7-сі. ҚазАқпарат - Иран  Президенті Махмұд Ахмадинежад     АҚШ Президенті Барак Обамамен   жеке кездесу өткізуге  және   бұқаралық      пікірталасқа   әзір.  

Бұл туралы  Ахмадинежад     дүйсенбі күні Тегранда  өткен баспасөз мәслихатында    мәлім етті,  деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.

Ол сондай-ақ,    халықаралық   қатынастардың  негізі   өзгертілуі керек деп атап өтті.  «Қазіргі  жағдай солай,  екі-үш  ел   бірігіп бүкіл әлемнің  тағдырын         шеше алмайды.  Әділдік   қағидасына  үстірт  қарап,   бірде-бір халықаралық   проблеманы шешу мүмкін емес»,  -   деді Иран    Президенті. 

Тегран  әлемдік қоғамдастыққа      адамгершілік пен  имандылық   қағидаларын    ұстануды  ұсынды,   деді  Ахмадинежад.  Оның айтуынша,   Иран     әлемдік  арағайындар  алтылығымен     ядролық проблемалар бойынша   әділ  диалогқа дайын. 

Бұл  - Ахмадинежадтың     жаңа министрлер кабинеті  жасақталғаннан кейінгі  алғашқы баспасөз мәслихаты.