Экс-президент осы оқу орнын құру жөнінде Ислам мәдени революциясы Жоғарғы кеңесінің рұқсатын алды. Жаңа университет ақпараттық технологиялар, нантехнологиялар, аэроғарыштық және ядролық зерттеулер саласында мамандар даярлайтын болады.
Иранды 2005 жылдан бері басқарып келген Махмұд Ахмадинежад 4 тамыздан бастап президент орынтағын босатады. Бұл күні Ислам Республикасының жаңа басшысы Хасан Рухани ант қабылдайды. Ол 14 маусымдағы президент сайлауында 50 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын. Ахмадинежад сайлауға қатысқан жоқ, өйткені ол президент лауазымында екі рет болған еді.
Ахмадинежад Тегран ғылым және технологиялар университетінің инженерлік факультетінде жоғары білім алды. Сонда аспирантурада оқыды және ғылым докторы дәрежесін алды.
23:10, 27 Шілде 2013
Ахмадинежад университетті басқаратын болды
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Махмұд Ахмадинежад Иран президенті өкілдігі аяқталған соң Теграндағы жаңа технологиялық университетті басқаратын болды. Бұл туралы сенбі күні ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап Associated Press хабарлады.