деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.
Бұл - қайта сайланған мемлекет басшысының жаңа үкіметі құрамындағы екінші әйел. Парламент қыркүйектің 3-інде денсаулық сақтау министрінің лауазымына Марзийе Вахид Дастжердиді бекіткен болатын. Ол Иран Ислам Республикасындағы министрлікті басқарған тұңғыш әйел затының өкілі болды. Ахмадинежад тағы екі әйелді министрлік лауазымына ұсынған болатын, алайда депутаттар олардың кандидатурасын кейінге қалдырды.