Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Муслим Хучиев Ахмат қажы Қадыров туған үйінің орнына орнатылған мемориалдық тасқа барды. Сондай-ақ Малая Сарань кентіне кіреберістегі естелік белгі, Шешенстан Республикасының тұңғыш президентінің өмірімен байланысты өткен шағын еске салады.
«Бұл сапар - Қазақстан мен Шешенстан Республикасы арасындағы екіжақты достастық қатынастарды дамытуға ауқымды үлес қосқан мемлекет қайраткері Ахмат қажы Қадыровты еске алу, оған құрмет көрсету», - деп атап өтті Сарань әкімі Ержан Темірханов.
Грозный мэрі Қазақстанға XXV ТМД астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясына қатысу үшін келді. Кездесу Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтті. Тақырыбы - «Жаһандық сын-қатерлерге жауап ретінде қалалардың орнықты дамуының жаңа бағдарламасы».
Ахмат Қадыров 1951 жылы 23 тамызда Малая Сарань кентінде тұрған. 1957 жылы сәуірде Қадыровтар отбасы Шешен-Ингуш АССР-ына қайта оралды.