Ахмет Байтұрсынұлының еңбек жолы ЮНЕСКО мандатымен сабақтасып жатыр - Криста Пиккат

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЮНЕСКО-ның Алматыдағы бюросының директоры, Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккат Ахмет Байтұрсынұлының адамзаттың рухани әлеміндегі орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ахмет Байтұрсынұлы ғажайып әдебиетші, педагог, ғалым болған. Оның есімі қазақ әліпбиіне араб графикасының негізінде жасаған реформасымен танымал. Ол түзген әліпби қазақ жазуын шекарадан тыс өмір сүріп жатқан миллиондаған қазақтарға қолжетімді етті», - деді ЮНЕСКО өкілі.

Сондай-ақ, ол Ахмет Байтұрсынұлы қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануының негізін қалаушылардың бірі екенін атап өтті.

«Ол бүкіл мансабында жаппай сауаттылықты дамытуды мақсат етті. А.Байтұрсынұлының ақын-аудармашы ретіндегі репутациясы да мығым. Ол орыс әдеиетінің ұлы шығармаларын аудару арқылы қазақ пен орыс халықтарының мәдени диалогына жол ашты. Нақты айтсақ, орыс ақыны Иван Крыловтың шығармаларын аударды. А.Байтұрсынұлының еңбектері мен қызмет жолы ЭНЕСКО-ның жұмысымен, білімді ілгерілету және мәдениетаралық диалогты қалыптастыру бағытындағы мандатымен сабақтасып жатыр», - деді Криста Пиккат.


Соңғы жаңалықтар