деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен өткен басқосуға отандық тарихшы ғалымдар, Башқұртстанның, түрік елінің белгілі ғалымдары, Түркиядан арнайы шақырылған ғалымның баласы Сүбедей Тоғанның өзі қатысты.
«Ахмет Зәки Уәлиди еңбектерінің түрк әлемі үшін маңызы зор. Ол түркі тілдес халықтарды біріктіретін түрік әлемінің түпкі тамырын терең зертеген ғалым. Оның еңбектері - түрік халықтарының теңдігіне, ортақ дүниесін насихаттау ісіне арналған. Одан алатын тағылымымыз - ол әрқашанда ар-намысқа жүгеніп, елдің болашағын ойлау мәселесін және оны біріктіруді алдыға қойған. Өйткені, тек біріккен жағдайда экономикалық өрлеу болады, сондай-ақ саясат та жүйелі жүреді деген», деді Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Саттар Мажитов.
«Ағидел» башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Азамат Рыскелдиннің айтуынша, Ахмет Зәки Уәлидидің еңбектері қайта шығаруды және толық зерттеуді қажет етеді. «Ахмет Зәки Уәлиди - ұлттық-мәдени ойды жеткізуші ғана емес, бүкіл түрік ислам ойын жеткізуші. Оның еңбектері ең алдымен "біздің кім екенімізді білуге, өзімізді тануға" қажет. Онсыз біз өз қызығушылығымызды қорғай алмаймыз», деді Азамат Рыскелдин.