Ахметжан Есімов Алматы облысының әкіміне алғыс хат жолдады
01:13, 19 Қараша 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа Алматы қаласының маңында азық-түлік өндірісін дамытуға және ауылшаруашылық жәрмеңкесінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаны үшін алғыс хат жолдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Құрметті Амандық Ғаббасұлы! Сізге Алматы қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге белсене қолдау көрсеткеніңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сізге және Сіз арқылы Алматы облысының шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерінің еңбектеріне табыс тілеймін. Осындай игі істерге Сіз алдағы уақытта да өз үлесіңізді қосып, әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға, жемісті ынтымақтастыққа және Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуінің дамуына әрі қарай қолдау көрсете береді деп сенемін. Амандық Ғаббасұлы, Сізге мықты денсаулық, жемісті еңбек және жанұяңызға бақ-береке тілеймін», делінген Алматы қаласының әкімінің алғыс хатында.