Ахметжан Есімов «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының төрағасы болып қайта сайланды

None
АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- Бүгін Алматыда өткен партия филиалының IX есеп беру-сайлау конференциясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының төрағасы болып қайта сайланды.

«Алматы қалалық филиалы «Нұр Отан»ХДП-ның ең ірі бөлімшесі және оны басқарушы адамды таңдау ең өзекті мәселе. Бүгін мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Ахметжан Есімовты төраға ретінде қарастыруды ұсынамын»,- деді шараға қатысқан «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.

Дауыс беру нәтижесі бойынша конференцияға қатысушылар А.Есімовтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Қала әкімі өз кезегінде білдірілген сенімді ақтайтынын жеткізді.