Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Анастасия Шкробот жарысқа қатысушыларды құттықтай келе, өңірде қазақ күресінің дамуына елеулі үлес қосқан ҚазКСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ахметжан Қазымбетов туралы өзінің жылы лебізін білдірді.
Салтанатты шара барысында елімізде күрестің дамуына зор үлес қосқан спортшылар түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды.
«Жақсы» спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген әр салмақтағы 400-ден астам спортшы қатысып, бақтарын сынауда. Турнир үш күн бойы жалғаспақ.