Ахметжан Пірімқұлов экология вице-министрі болып тағайындалды
Ахметжан Пірімқұлов 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
2000 жылы «экономист» мамандығы бойынша М.Х. Дулати атындағы Таразмемлекеттік университетін, 2003 жылы «заңгер» мамандығы бойынша Қазақгуманитарлық заң университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты ғылымидәрежесі бар.
Еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысының прокуратура маманы ретіндебастады, сот жүйесінде жұмыс істеген.
2012–2016 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялықреттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Энергетика министрлігіЭкологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағаорынбасары қызметтерін атқарған.
2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы қараша аралығында ҚР БҒМ Білімжәне ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2017 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭМ Экологиялықреттеу және бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.