«Ахрар аш-Шам» тобы Астанадағы келіссөздерге (Астана процесі) келуден бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Ахрар аш-Шам" қарулы оппозициялық тобы Астанадағы Сирия жайлы келіссөздерге (Астана процесі) қатысудан бас тартқанын растады, деп хабарлайды РИА Новости Enab Baladi порталына сілтеме жасап.

Бұған дейін 28 топ Сирия қарулы оппозициясының бірыңғай делегациясына қатысуға келісім берген, оның ішінде "Джейш әл-Ислам" ислам құрамасы да бар. Астанада Дамаск өкілдерінің қатысуымен өтетін келіссөздер 23 қаңтарға белгіленген.

Содырлар  өз шешімін «оқ атуды тоқтату режимінің орындалмауымен» және келісімге Ресейдің кепіл ел ретінде қатысуына наразылығымен түсіндірген делінеді топ жетекшілігінің мәлімдемесінде.

 Сонымен бірге, олар келіссөздерге баруға келісім берген оппозиция өкілдерін сатқындар деп санамайтынын, «ел мүддесі үшін жақсы нәтижелер» болса, қолдау білдіретінін баса айтты.

"Ахрар аш-Шам" Анкарадағы оппозиция консультациясына қатысты. Консультация нәтижесінде бірыңғай делегация құрылды.