«Халық жиі тұтынатын АИ-92 бензинінің шекті бағасы литріне 205 теңгеден аспайды. Ал АИ-95 бензиніне қатысты мемлекеттік реттеу қолданылмайды. Соған орай, баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалады. Бұл ретте еліміздегі АИ-95 бензинінің жиынтық қоры (мұнай базалары мен мұнай өңдеу зауыттарындағы, жолдағы және импорт) жеткілікті - 57 мың тонна. Бұл еліміздің 21 күндік қажеттілігін қамтамасыз етеді», - деп атап өтеді министрліктен.
Ведомство мәліметінше, АИ-92 бензинінің қоры да елімізде жеткілікті. Бензиннің бұл түрлері қор ұстаушылардың өтініміне және өндіріс көлеміне байланысты толықтырылып отырады.