Турнирдің екінші турында 49 келі салмақта өнер көрсететін Б. Жақыпов қарсыласы Шагасу Валерио Лоуренсиді 59:55;60:54;60:54 есебімен тізе бүктірді. Бірінші кезеңде қазақстандық боксшы қытайлық былғары қолғап шебері Лю Бинге есе жіберген болатын.
Айта кетейік, AIBA Pro Boxing (APB) турнирінде тағы бір қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов (52 келі) қатысуда. Бұның алдында ол екі жекпе-жекті де өз пайдасына шешкен болатын.