АИБА төреші Рахымжан Рысбаевты олимпиада турниріне қызмет көрсетуден шеттетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық әуесқой спорт қауымдастығы қазақстандық төреші Рахымжан Рысбаевты бокс турниріне қызмет етуден шеттетті.

«Чемпионат.ru» хабарлауынша, қазақстандық  төреші қызметтен шеттетілген жеті судьяның қатарында болып шықты. Қалғандары: ресейлік Владислав Малышев, Мик Бэйси (Ұлыбритания), Хейра Сиди Якуб (Алжир), Майкл Галлахер (Ирландия), Мариуш Горний (Польша), Херардо Погги (Аргентина).

Хейра Сиди Якуб  Евгений Тищенко мен қазақстандық Василий Левиттің жекпе-жегінде жұмыс істегені атап өтіледі. Сол айқаста Галлахер мен Погги де жұмыс істеген.  Тищенкоға жеңісті берген кезде зал шулап кетіп, олардың әрекетін жанкүйерлер ғана емес, шетелдік мамандар да сынға алған.