Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры Өтеғалиева Сәуле Ысқаққызы «Құрмет» орденімен марпатталса, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Тасбергенова Гаухар Қошқарбекқызы «Ерен еңбегі үшін» медалін алды. Ал, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, кәсіпкер, продюсер Жүгінүсова Айнұр Серікқызы «Шапағат» медаліне лайық деп танылды.
Еске сала кетейік, бүгін сондай-ақ Президент жарлығымен бірқатар сала мамандары мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.
Жақында мемлекеттік наградалар жүйесіне 9 жаңа құрметті атақ енгізілген еді.