Кездесу барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстандық Медиа альянс арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аида Балаева пандемия кезеңінде коммерциялық БАҚ-ты қолдау үшін министрлік қабылдаған шаралар, ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін және адами капиталдың сапасын арттыру бойынша жоспарлар туралы айтты.
Екі жақ саланың өзекті мәселелері, соның ішінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, журналистердің дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы пікір алмасты.
Меморандум шеңберінде тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары айқындалды: ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды бірлесіп талқылау; медиа саласы мамандарын даярлау, қайта даярлау, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру мәселелері; журналистердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдесу.
Атап өтілгендей, меморандум саланың өзекті мәселелерін шешуде үкіметтік емес сектордың рөлін арттыруға мүмкіндік береді.
17:26, 15 Қазан 2020
Аида Балаева Қазақстандық Медиа альянс басшысымен БАҚ мәселелерін талқылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандық Медиа альянстың басқарма төрағасы Арманжан Байтасовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.