Аида Балаева: Кез келген мәселені кешенді түрде шешу керек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Ғалымқызы Балаева Қарағандыдағы Nur Otan партиясының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Egemen Qazaqstan» газетіне сілтеме жасап.

Президент көмекшісімен кездесіп, өздерін мазалап жүргенмәселелерді көзбе-көз айтып, сонымен қатар мемлекет басшысына өтініш-тілектерінтікелей жеткізуді ниет білдірген облыс тұрғындарының қарасы мол болды. Айтакететін бір жайт, Аида Балаева ханымның алдына келіп, арызын айтқаназаматтардың басым көпшілігін баспана мәселесі толғандыратын болып шықты.

Бірі ұзақ жылдардан бері кезекте тұрса да, арман қылғанқайран пәтерге қол жеткізе алмай келе жатса, енді бірі еңбекақысының аздығынанипотекалық несиенің алғашқы жарнасын төлей алмай пұшайман болып жүр екен.

Теміртау қаласының тұрғыны Шолпан Әбілова, Қарағандыдатұратын Әлия Рымбаева, Жұлдыз Достаева, Айтбала Әлімбаева, Ракеш Хасенова жәнебасқа да азаматтардың баспана мұқтаждығы туралы көздің жасын төгіп айтқанөтініштерін мұқият тыңдаған Аида Ғалымқызы қамкөңіл жандарды сабырға шақырды.

«Мен сіздердің проблемаларыңызды жақсы түсінем. Дегенмен,дәл осы жерде отырып сіздерге көмектесем деп құрғақ уәде бергім келмейді. Негедесеңіздер, жылдар бойы пәтер кезегінде тұрғандарды, көпбалалы және азқамтылған отбасыларды ысырып тастап, олардың құқығын таптауға болмайды.Сондықтан, сіздер қазір еліміз бойынша іске асырыла бастаған «Бақытты отбасы»,«Нұрлы жер» сияқты мемлекеттікбағдарламаларға қатысуларыңыз керек. Бұл тарапта сіздерге заң аясында мүмкінболған көмектің бәрі көрсетіледі. Сіздер көтерген мәселелерді хаттамағатіркетіп, тиісті орындар алдына әрқайсысы бойынша нақты міндеттер қойылатынболады», - деді Аида Балаева.

Президент көмекшісімен кездесуге мүмкіндігі шектеулі жандар,асырауында мүгедек немесе ауыр дертке шалдыққан балалары бар аналар да көптепкелді. Теміртау қаласының тұрғыны Жәнібек Байтоков мүгедек жандарға қатыстышешімін таппай келе жатқан көптеген мәселені қозғады. Мәселен, ол арбағатанылған мүгедек жан шипажай-курорттық емге барғанда оны алып жүретін адамғаақша төленбейтінін ашына айтты. Ал Қарағанды тұрғындары Айман Дүскеноваарбашадағы мүгедек баласын, Самал Мәнжібаева церебральды сал ауруына шалдыққанбаласын емдеуге материалдық көмек сұрады.

Айта кету керек, азаматтарды қабылдау барысында туындағансұрақтар, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардыңқызметкерлері өтініш иелеріне қолма-қол жауап беріп немесе заңдық тұрғыдағықажетті ақыл-кеңес көмегін көрсетіп отырды. Бұл ретте қала әкімі НұрланӘубәкіровтің сұрақтың басым көпшілігі баспана мәселесіне тірелгендіктен,әңгімеге жиі араласуына тура келді. Тіпті, Аида Ғалымқызының өзі қалабасшысының түрлі сұрақтарға, әр мәселеге қатысты берген сауатты, нақты жәнезаңға сүйенген жауаптарына сүйсініп, «Өз міндетін өте жоғары деңгейде меңгергенәкім» деген баға берді.

Президент көмекшісінің алдына келіп мұң ақтарған жандардыңішінде медициналық қызметтің сапасына, дәрігерлердің біліктілігіне,дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілудегі кемшіліктерге сын айтқандары да көп болды.Осы ретте Аида Ғалымқызы облыстық денсаулық сақтау басқармасына медициналық мекемелердегі қызметкерлердіаттестациядан өткізіп, медициналық қамтамасыз ету бойынша толықтай сараптамажасау керектігін тапсырды.

Аида Балаеваның қабылдауына келген жандардың арасында атаулыәлеуметтік көмекті қайтсем алам, ол қандай жағдайда беріледі деген сияқтықарапайым сұрақтарды қойғандары да болды. Бұған жауап бере отырып, Президенткөмекшісі тұрғындар арасында осы бағыт бойынша түсінік жұмыстарының кеңіненжүргізілуі керектігін айтты. «Nur Otan партиясының филиалы, облыстық, қалалыққоғамдық кеңестер бұл бағытта қоғамдық қабылдаулар, дөңгелек үстелдерұйымдастырып, халықты әлеуметтік салада болып жатқан оң өзгерістермен таныстырып отыруы қажет», депатап өтті Аида Ғалымқызы.

Қабылдауға соңғылардың бірі болып кірген жергілікті «Арқаақшамы» газетінің бас редакторы Жанат Жаңқашұлы өзінің туып-өскен Сарыобалыауылында су мәселесінің өткір тұрғанын, ұялы телефон байланысының жоқтығынжеткізді. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта қазақ баспасөзінің қиын жағдайдыбастан кешіп жатқанын айтып қынжылыс білдірді. «Егер, жарнаманың қазақ тіліндеберілуі міндеттелсе, онда ана тілінде шығатын газеттер өз күнін өзі көре алатындәрежеге жетер еді», - деді ол.

Азаматтарды қабылдау рәсімінің аяғына таман Аида Балаева осыкездесу барысында тұрғындардың жеке мәселесі, олар көтерген проблемалардыңбарлығы жіті назарда болатынына тағы да уәде берді. Таңертеңгі сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейінгіаралықта Аида Балаева өткізген қабылдауда 100-ден аса адам болды.

«Негізі, қандай да бір мәселені жеке алып қарағаннан гөріоны кешенді түрде шешуге ұмтылғанда ғана іс оң нәтиже береді. Ел де біздің жұмысымызды осындай игі қадамдарарқылы бағалайды», - деп түйіндеді сөзін Аида Балаева ханым қабылдауға қатысқанлауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар қызметкерлеріне қарата.

***

Жұмыс сапарының екінші күні Аида Балаева Қарағанды облысыныңғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен, сонан кейін жастармен кездесіп,емен-жарқын әңгіме құрды. Қарағанды экономикалық университетінде өткенкездесуге жергілікті ЖОО оқытушы ғалымдары, театр әртістері, БАҚ өкілдері,жазушылар қатысты. Кездесуді ашқан Аида Балаева Қарағанды қаласына келген жұмыссапары жайында, кешегі күні тұғындарды қабылдау кезінде алған әсері мен түйгенойлары туралы қысқа да нұсқа айтып берді. Сондай-ақ, осы кездесуден некүтетінін де жеткізді.

«Сіздер жұртпен етене араласып жүресіздер, елдің мұңы ментілегін жақсы білесіздер. Сондықтан, бүгінгі бейресми жағдайдағы кездесудесіздердің жүйелік сипаттағы ұсыныстарыңыз бен өтініш-тілектеріңізді тыңдағым келеді», - деді АидаБалаева.

Аталған басқосуда алғашқылардың бірі болып сөз алғанС.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі, Қазақстанның еңбек сіңіргенқайраткері Қайрат Кемалов өнер саласындағы біршама мәселелер туралы айтып өтті.Театр және кино актері бүгінгі күнде осы салада кадр мәселесінің өте өткіртұрғанын тілге тиек етті.

«Қызметтік баспана болмаған соң, театрға жастар келебермейді. Біздегі ең үлкен мәселенің бірі осы», - деді Қ.Кемалов.

Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының біріншіорынбасары Ерсін Мұсабеков журналистер мәртебесі туралы мәселені көтерді.

«БАҚ өкілдері не бюджеттік, я болмаса мемлекеттік қызметкежатпайды. Мәртебесі болмаған соң, көп жағдайда есесі кетіп жүреді. Мәселен, жасжурналистер ипотекалық несие алайын десе, мәртебесі болмаған соң түрлімемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайды», - деді ол.

Сонымен қатар, жергілікті жоғары оқу орындарыныңоқытушы-ғалымдары осы саладағы күн тәртібінде өткір тұрған мәселелер жайынқозғады. Әсіресе, олар жағдайы жасалмағандықтан жас ғалымдардың шетелге кетуүдерісінің үдеп бара жатқанына қынжылатындықтарын жеткізді. «Болашақ»академиясының кафедра меңгерушісі Ақылбек Қабжанов жағдай осылай жалғасаберетін болса, тіпті жастары 50-ден асқан ғалымдардың өзі шет мемлекеттергекөшіп кетуі әбден мүмкін деген күдік айтты.

«Жас ғалымдарға көңіл бөлмейінше, біздің ғылымның болашағыбұлыңғыр болмақ. Содан кейін айтпағым, жекеменшік жоғары оқу орындарын ретікелсін-келмесін тексере беруге тыйым салынса екен. Оларды қолдаудың орнына,тұқырта бергеннен түк те өнбейді», - деді оқытушы ғалым.

Сондай-ақ, кездесуде «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитынстуденттер санының артуы жатақханада орын жетіспеушілік мәселесінің туындауынаәкеп соққаны айтылды. Серпіндіктерді оқу бітірген соң міндетті түрде жұмысқаорналастыру да ЖОО-ларға ауыр тиіп жатқан көрінеді. Осы жайындағы мағлұматтарғақаныққан Аида Ғалымқызы «Серпін» бағдарламасының тұғырнамасын бүгінгі күнталабы тұрғысынан қайыра бір таразылаудың уақыты жеткенін айтты.

Кездесудің соңына таман Аида Балаева оқытушылардың жасұрпақты тәрбиелеу ісіндегі рөлінің аса маңызды екендігіне назар аударды.

«Бүгінгі жастарымыз білімді, мәдениетті және рухани тұрғыдаөте бай болулары керек. Жастар оқу-білімге тартылмаса, жұмыспен қамтылмаса,қоғамдағы өз орнын таппаса, онда міндетті түрде психологиялық дағдарысқа душарболады. Әсіресе, ауылдық жерлерден қалаға келген жастар қоғамдық өмірдеәлеуметтік тұрғыда бейімделе алмай, өкінішті жайттарға ұрынып жатады. Сіздермен біздің міндет – мұндай рухани құлдыраудың алдын алу», - деді АидаҒалымқызы.

Бұдан кейін Аида Балаева Қарағанды қаласындағы Гогольатындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында үкіметтік емес ұйымдардыңөкілдерімен және облыстың белсенді жастарымен кездесіп, олардыңұсыныс-тілектерін тыңдады.

Кездесуде Қарқаралыдағы М.Әдекенов атындағы колледждіңстуденті Дәурен Рахымбек келер жылғы «Волонтерлер жылында» еріктілерге мемлекеттарапынан көңіл бөлінсе деген тілек айтты. Бұл тақырыпты іліп әкеткен облыстықжастар ресурсы орталығының қызметкері Қуандық Мерей осы жылы волонтерлергебөлінетін стипендиялар ЖОО студенттеріне ғана емес, колледж және мектепоқушыларына да берілсе деген пікір білдірді. Сондай-ақ, белсенді жастардыңбірі, дәстүрлі әнші Меруерт Башай атамекенге оралған қандастарымыздыңкүнделікті өмірде кездесетін проблемалары туралы әңгіме қозғады. Үкіметтік емесұйымдардың өкілдері өздеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгенінқалайтындықтарын жеткізді.

Жастардың осы және басқа да ұсыныс-тілектерін зер салыптыңдаған Аида Балаева бұл айтылған мәселелердің қолына жазбаша түрде тигенненкейін міндетті түрде сараптанөткізіліп, қаперге алынатынына уәде берді.