Аида Балаева Қытайдағы қазақ мәдени орталығын ашуға қайдан қаржы алатынын айтты

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжілісте Қазақстан мен Қытай Үкіметтерінің арасында өзара мәдени орталықтар құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы жобасы талқыланды.

Құжатты таныстырған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бейжіңнен ашылатын қазақ мәдени орталығын ашуға қажет қаражатты қайдан алатынын айтты.

«Коммерциялық емес ұйым негізінде құрылады. Ал қаржыландыру мәселесіне келсек, министрлікте заң жоқ, негіз жоқ. Осы ратификация туралы заң жобасы қабылданса, біз бюджеттен қаржы қарастыратын боламыз. Қазіргі таңда орталықтың орны ретінде Бейжің қаласындағы арбатта орналасқан, 700 шаршы метр ғимаратты анықтадық. Оның ішінде бүкіл жөндеу жұмыстарының бәрін демеушілік көздерден тартуды қарастырып жатырмыз. Ал енді құқықтық негіз болған жағдайда республикалық бюджеттен қарастырамыз. Өйткені әр жоба жүйелі және нақты жүзеге асу үшін, әрине, бірінші кезекте қаржыландыру мәселесін шешу керек», - деді министр.