Аида Балаева Президент көмекшісі болып тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті ӘкімшілігініңӨтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын»,-делінгенЖарлық мәтінінде.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Аида Ғалымқызы Балаева басқажұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті ӘкімшілігініңІшкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы туған.

2000 жылы Абай атындағы Алматымемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінбітірген.

1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісімбасқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісімбасқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімініңбастығы.

2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласыбойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасыбастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментідиректорының орынбасары.

2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасыныңбастығы.

2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған.

Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.