Аида Балаева «Жаһандық әлемдегі Қазақстанның заманауи мәдениеті» жобасына кеңірек тоқталды.
«Екінші кезең - заманауи қазақстандық мәдениеттің үздік шығармаларын халықаралық деңгейде таныстыру», - деп атап өтті Балаева.
Жоба аясында цифрлық кітапханалар мен виртуалды арт-галереялар құрылып, қазақстандық киноны дамыту үшін әлемдік киностудиялармен ынтымақтастық орнатылады.
«Рухани жаңғырудың» барлық бағдарламалары қазақстандық ұлтты ұйыстырып, оның ашықтығын арттыруды көздейді. ЮНЕСКО-ның ұраны - ерлер мен әйелдердің санасына бейбітшілік идеясын сіңіру. Қазақстандық жаңғырту бағдарламасы да санаға бейбітшілік мәдениеті мен тұрақты дамуды енгізуге бағытталған», - деп атап өтті Аида Балаева.