Кездесу барысында Министр мемлекет тарапынан отбасы және отбасы институтын қолдау мен дамытуға үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті.
«Отбасы адам өмірінде маңызды орын алады. Барлық басты қасиеттер - Отанға, үлкенге және жақындарға құрмет, еңбексүйгіштік, мейірімділік, жауапкершілік отбасында қалыптасады. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер әрқашан біздің қоғамымыз бен мәдениетіміздің негізі болды және болып қала береді», - деді А.Балаева.
Сонымен қатар, Министр кездесу аясында жас отбасылар мен көпбалалы әріптестерді алғыс хаттармен марапаттады.
19:19, 11 Қыркүйек 2020
Аида Балаеваның көпбалалы және жас отбасылармен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 қыркүйекте Қазақстандағы Отбасы күніне орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның көпбалалы және жас отбасылармен кездесуі өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.