Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова еркін жаттығуда 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді.
Ол Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді.
Айта кетейік, Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.
Еске салсақ, спорттық гимнастикадан Дмитрий Патанин мен Нариман Курбанов Болгариядағы турнирде көш бастағанын хабарлаған едік.