Аида Құрманғалиева ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

None
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бүгін министрдің кеңесшісі Наталья Буенко хабарлады.

«Аида Құрманғалиева министрлік активіне таныстырылды. Оны осы қызметке тағайындау жөніндегі қаулы желтоқсанның 29-ы күні шықты», - деп хабарлады ол.

А.Құрманғалиева бұл лауазымда Тамара Вощенкованы ауыстырды.