«Әйелдер арасындағы GGG», «Леди Спарта» атанған Аида Сатыбалдинова Sports.kz-ке берген сұхбатында жеңілісінің себебімен бөлісті.
«Әрине, ренжулімін. Барлығы маған айқастарды жиі өткізесің деп айтып жатыр. Олардың айтқандары дұрыс шығар. Аптасына жеті күн жаттықпай, ағзаны кейде қалпына келтіру үшін уақыт беріп отыру керек. Денсаулығым жақсы. Бұл менің алаңғасарлығым. Өзім кінәлімін», - деді спортшы.