18:33, 08 Сәуір 2009
«AIG Қазақстан» сақтандыру компаниясы» АҚ «Euromoney» журналының наградасына ие болды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «AIG Қазақстан» сақтандыру компаниясы» АҚ халықаралық «Euromoney» журналының наградасына ие болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Халықаралық талдау журналы сақтандыру саласындағы бұл зерттеуінде қазақстандық компанияны «Инновация» және «Қазақстандағы сақтандыру өнімдері ассортименті» санаттары бойынша марапаттап отыр. Биыл екінші рет жүргізіліп отырған жыл сайынғы бұл зерттеуге 59 елдің 400-ден астам респонденттері қатысты. Онда ірі кәсіпорындар мен қаржы институттарының жетекшілерінің арасында 4 кезең бойынша 2008 жылы қазанның 27-сі мен желтоқсанның 19-ы аралығында арнайы сауалнама жүргізілген болатын. Оларға бағалау шкаласы бойынша ең үздік сақтандырушы және брокерлік компанияларды таңдау ұсынылған болатын. Бұл «AIG Қазақстан» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның ең алғашқы наградасы. Өз қызметін осыдан 10 жыл бұрын бастаған аталмыш компания AIU (American International Underwriters) компаниясының бөлімшесі саналады. 90 жыл бұрын құрылған AIU компаниясы қазіргі таңда әлемнің 80-нен астам елінде сақтандырудың барлық саласы бойынша жұмыс жасайды. Ал «Euromoney» журналы қаржы тақырыбындағы халықаралық дәрежедегі жетекші басылымның бірі саналады.