«Халықаралық қаржы жүйесін есепке ала отырып, біз жұмыс тілі ретінде ағылшын тілін, ал институт валютасы ретінде АҚШ долларын пайдаланамыз. Халықаралық нарықтан капитал тарту үшін доллар, еуро, юань және өзге де валюталарда да инвестиция тартуға болады», - деді Цзинь Лицюнь.
«Біз АҚШ долларымен ғана несиелендіреміз», - деді Банк президенті.
Сенбі күні Бейжіңде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің төрағалығымен Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің 57 құрылтайшы елі өкілдерінің қатысуымен АИИБ-тың ашылу рәсімі өтті. Банк президенті болып, ҚХР-дың Қаржы министрінің бұрынғы орынбасары Цзинь Лицюнь сайланды.