DC-9 авивалайнерімен байланыс Буркино-Фасо астанасынан ұшып шыққаннан кейін 50 минуттан кейін үзілген.
«Алжирден Бамакоға ұшқан ұшақ басқа ұшақтармен соқтығысып қалмау үшін көрінімнің нашарлығынан экипаж бағытты өзгертуге өтініш жасаған. Ол бағытын өзгерткеннен кейін авиалайнермен байланыс үзілген», деп Agence France-Presse Air Algeria компаниясы дереккөзінің сөздерін келтірген.
Ұшақ Уагадугу - Алжир рейсімен ұшқан. Оның бортында кемінде 100 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған.
Reuters ақпаратына қарағанда, авиалайнерге 135 жолаушы сияды. Уагадугу-ден Ажирген AH5017а авиалайнері аптасына төрт рет ұшады.
Алжирде қазірдің өзінде қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеретін дағдарыса орталығы құрылды.
Бұдан бұрын «Айр Алджириа» әуе компаниясының өкілдері өздеріне тиесілі жолаушылар лайнерінің бірімен байланысқа түсе алмай отырғанын хабарлаған болатын. .
Буркин-Фасо елінен Алжирге қарай бағыт алған жолаушылар ұшағының бірімен байланыс үзіліп қалған. «Айр Алджириа» әуе компаниясының өкілдері қазіргі сәтте лайнер экпипажымен еш байланыс орната алмай отыр, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.