Air Astana: Алматы — Дели бағытындағы ұшақ ұшпайды

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana компаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы 8 мамырдағы Алматы — Дели — Алматы бағытында ұшатын ұшақ ұшпайтынын мәлім етті. 

Әуе компаниясының хабарлауынша, бойынша KC 907/908 рейстерін тоқтатуға мәжбүр.

Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құны қайтарылады.

— Қазіргі уақытта әуе компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, — делінген хабарламада.

Air Astana компаниясы жағдайдың өрбуін мұқият қадағалап отырғанын, жолаушыларды кез келген өзгерістер туралы жедел хабардар ететін ескертті.

Бұған дейін хабарланғандай, Тбилисиден Алматыға ұшқан Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонды.