Әуе компаниясының хабарлауынша, бойынша KC 907/908 рейстерін тоқтатуға мәжбүр.
Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құны қайтарылады.
— Қазіргі уақытта әуе компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, — делінген хабарламада.
Air Astana компаниясы жағдайдың өрбуін мұқият қадағалап отырғанын, жолаушыларды кез келген өзгерістер туралы жедел хабардар ететін ескертті.
Бұған дейін хабарланғандай, Тбилисиден Алматыға ұшқан Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонды.