«Бүгін 16 рейс уақытында ұшпай қалды. Орташа кешігу уақыты бір сағаттан үш сағатқа дейін», - деді әуекомпанияның қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Жанна Бадаубаева.
Оның айтуынша, ұлттық әуетасымалдаушы әуехабарламаларды реттеуге тырысуда және қазір жағдай жақсарған. Бүгін қоллайсыз ауа-райынан Астана-Үрімжі бағытындағы КС-287 рейсі кешікті. Ұшақ Астанаға қайта оралуға мәжбүр болды, Үрімжі әуежайы да нашар ауа-райының салдарынан жабылған.
«Қазір біз ауа-райының оңалғанын күтіп отырмыз, жағдай жақсара салысымен ұшақ ұшады. Атырауда да ауа-райы қолайсыз болып тұр», - деп толықтырды әуекомпания қызметкері.