Былтыр әуекомпания Астанадан Санья, Жидда, Мәдина, Нячанг, Дананг, Аланья және Кутаиси бағыттарын іске қосқан. Қазір елордадан қатынайтын халықаралық бағыттар саны 32-ге жетті.
Сонымен қатар әуекомпаниялар тобы Астанадан халықаралық бағыттарға қатынайтын рейстер санын арттырды. Апталық рейстер саны 99-дан 116-ға дейін өсті. Олардың қатарында Бейжің, Сеул, Франкфурт, Ыстанбұл және Дубай бағыттары бар.
2025 жылмен салыстырғанда Астана — Бейжің бағыты бойынша жолаушылар тасымалына ұсынылатын орын саны 55%-ға, ал Сеул мен Ыстанбұл бағыттарында 20%-ға артқан.
Елордада орналасқан әуе кемелерінің саны да көбейіп келеді. 2024 жылы Астанада 13 ұшақ болса, 2026 жылдың жазында олардың саны 16-ға жетті. 2027 жылы бұл көрсеткішті 22 ұшаққа дейін арттыру жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын рейстер санын арттыратынын хабарлағанбыз.