Air Astana бортсеріктерінің киімі - «Әуе қарлығаштары» конкурсында үздік үштік қатарында

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Эйр Астана" бортсеріктерінің киімі «Борисполь» украиналық әуежайы ұйымдастырған «Әуе қарлығаштары» конкурсында екінші орын алды.

Бұл туралы авиакомпания баспасөз қызметі Твиттер-аккаунтында хабарлады. "Борисполь" әуежайы сайтының жазуынша әлемнің 12 елінен 16 авиакомпания қатысқан. Жеңімпаздарға 4 жүлде ғана берілетіндіктен (жеңімпаздар үштігі, көрермендер көзайымы номинациясы), әділқазыларға таңдау жасау қиын соқты. Көшбасшыны айқындап алған соң, сән мен авиация саласындағы сарапшылар бірінші орынды Azur Air Ukraine украиналық авитасымалдаушысына, екінші орынды «Air Astana» серіктес - авиакомпания өкілдеріне, үшінші орынды - «Wind Rose» авикомпаниясына табыстады, көрермендер көзайымы әуежай веб-сайтындағы сауалнамаға сәйкес «МАУ» авикомпаниясы болды.

Естеріңізге салайық, «Әуе қарлығаштарының» костюмдерін «Борисполь» әуежайының басшысы Евгений Дыхне, Украина азаматтық авиациясының бортсеріктері қауымдастығының басшысы Инна Радзивилова, «L'OFFICIEL» журналының бас редакторы Ана Варава, тәуелсіз сарапшы - «Миссис Вселенная-2016» конкурсының жеңімпазы және оның номинацияларының бірі «Ең әдемі ұлттық костюм» аталымының иегері - Ольга Торнер, заңдық серіктес Эрнест Граматский бағалады. Көрермендердің және ұйымдастырушылардың бірауызды шешімімен конкурсқа жоғары «жыл сайынғы» аталымы берілді.