Air Astana Дубайға рейстерді қайта бастайды

АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді.

Фото: Gulf news

Air Astana 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы — Дубай — Алматы және 2026 жылғы 2 қазаннан бастап Астана — Дубай — Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарады.

Қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп көбейеді:

  • Алматы — Дубай — Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін.
  • Астана — Дубай — Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін.

Әуекомпания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда және қажет болғанда ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді.

Еске салайық, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстерді орындауды уақытша тоқтату мерзімін ұзартқан еді.